2036 жылғы Олимпиада ойындары Берлинде өтуі мүмкін

2036 жылғы Олимпиада ойындары Берлинде өтуі мүмкін

Германия астанасы 2036 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын өткізуден үмітті, деп хабарлайды BasSport.kz.


«Берлин Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізуі мүмкін. Біз мұны Берлин үшін тамаша мүмкіндік деп санаймыз. Жаңартылған спорт нысандары ойындар аяқталғаннан кейін Берлин тұрғындарына спорт түрлерімен айналысу үшін қолжетімді болады», – делінген Германияның социал-демократиялық партиясы мен Христиан-демократиялық одағы арасындағы коалициялық келісімде.  

Еске салайық, бұған дейін Олимпиада ойындарын Берлин 1936 жылы қабылдаған.