Жалғас Жұмағұлов қарсылассыз қалды

Жалғас Жұмағұлов қарсылассыз қалды
Жекпе-жек


Америкалық аралас жекпе-жек шебері Нэйт Манесс 6 мамыр күні қазақ спортшысы Жалғас Жұмағұловпен болатын кездесуге қатыса алмайды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Дүйсенбі күні кешкі жаттығуда жарақат алып қалдым. 6 мамыр күні өтетін жекпе-жекке қатыса алмаймын. Дәрігерлер ота жасалуы мүмкін дейді. Қазір UFC мамандарымен тағы бір кеңесемін. Осы жолы көптеген жаңа әдіс-тәсілдер үйрендім, оларды келесі жекпе-жегімде көрсетуге асықпын. Менің бапкерлерім мен жаттығудағы әріптестерім керемет, нағыз шоу көрсете алатыныма сенімді едім. Бұл мүмкіндіктен айырылып қалғаным өкінішті. Бірақ бір есік жабылса, екіншісі ашылады. Сондықтан денсаулығымды қалыпқа келтіріп, жаңа жекпе-жекке дайындаламын. Міндетті түрде қайта ораламын", - деп жазды спортшы Instagram парақшасында.

Жарыс ұйымдастырушылары не 6 мамырға дейін Жалғас Жұмағұловқа жаңа қарсылас тауып үлгереді, не жекпе-жек кейінге шегеріледі.