Ауыр атлетикадан ұлттық құрама әлем біріншілігінде көш бастады

Ауыр атлетикадан ұлттық құрама әлем біріншілігінде көш бастады
Басқа

Албанияның Дуррес қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл дүбірлі додада Қазақстан намысын 11 спортшы - 5 ұл және 6 қыз қорғады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Ұпай саны бойынша жалпы командалық есепте Қазақстан ерлер құрамасы үздік үштікті түйіндесе, әйелдер командасы бесінші орын алды. Жалпы, биылғы әлем біріншілігіне 45 мемлекеттің спортшылары қатысқанын айта кетейік. 

Ал қоржынға түскен жүлделер бойынша қазақтың жас ауыр атлеттеріне тең келер ешкім болған жоқ - 7 алтын, екі күміс және бір қола. Ал Қазақстан әйелдер құрамасы үздік ондыққа енді (3 күміс және 1 қола медаль). 

73 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшылар арасында отандасымыз Ерасыл Сәулебековке тең келер ешкім болған жоқ. Ол қоссайыс қорытындысында 305 (137+168) келіні басынан асырды. Серпе және жұлқа көтеруде біріншіліктің "кіші" алтын жүлдесін еншілеп, жалып ел қоржынына үш алтын салды. 

Қыздар арасында 64 келіде бақ сынаған Таисия Алексеева 201 (89+112) келіні ырқына көндіріп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол жұлқа және серпе көтерулерде де екінші орынға табан ітреді. 

Сабыр Нұрдос (89 келі) Қазақстанға тағы үш медаль сыйлады, оның біреуі алтын, екеуі күміс. Жұлқа көтерудегі үш мүмкіндігін де сенімді жүзеге асырған ауыр атлет әлем чемпионатының "кіші" алтын медаліін иеленсе, серпе көтеру мен қоссайыста күміспен күптелді. 

Халықаралық бәсекенің қорытынды жарыс күнінде Никита Абдрахманов (102 келі) әлем чемпионы атанды. Ол жалпы 369 (164+205) келіні өз есебіне жазып, қоржынға үш алтын медаль салды. 

Сонымен қатар, Нұрасыл Арапбай (67 келі) мен Дарья Балабюк (55 келі) жұлқа көтеруде үздік үштікті түйіндеп, чемпионаттың "кіші" қоласын мәсе тұтты.