"Челси" АПЛ тарихында тұңғыш рет ауызашар берді

Футбол

"Челси" "Стэмфорд Бридж" стадионында ауызашар беріп, осындай бастаманы жүзеге асырған Ағылшын премьер-лигасы тарихындағы тұңғыш футбол клубы атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Жүздеген мұсылман жексенбі, 26 наурыз күні "Челси" аренасына барып, бірге ауыз ашты. Осылайша, "Стэмфорд Бридж" Ағылшын премьер-лигасында ашық ауызашар өткен алғашқы стадион атанды. Іс-шарада "Челси" тарихындағы тұңғыш қара нәсілді футболшы Пол Кановилл сөз сөйледі.