Роналдудың дублі Люксембургті ойсырата жеңуге көмектесті

Роналдудың дублі Люксембургті ойсырата жеңуге көмектесті
Футбол

2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сыны аясында Португалия командасы Люксембург құрамасымен кездесіп, ірі есеппен жеңіске жетті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Люксембургте өткен матчта Португалия құрамасы 6:0 есебімен жеңіске жетті. "Әл-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналду дубль авторы атанса, Жоау Феликс, Беранрду Силва, Отавио мен Рафаэл Леау бір голдан өз есептеріне жазды. 

Люксембург құрамасы қарсылас қақпасына тек бір соққы жасай алғанын да айта кетейік.