Қазақстан Даниядан жеңісті жұлып алды

Қазақстан Даниядан жеңісті жұлып алды
Футбол

2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Данияны қабылдап, камбэк жасады және жеңіске жетті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Алдымен Дания құрамасы бірінші таймда Хойлундтың соққан екі (21’, 35’) голымен есепте алда тұрған. Алайда екінші таймда Бақтиер Зайнутдинов (73’н пенальтиден гол соғып, есептегі айырманы қысқартты. Артынша Асхат Тағыберген таблодағы көрсеткішті теңестірсе (86’), араға 3 минут салып Абат Айымбетов ұлттық құраманы есепте алға шығарды (89’). Осылайша, Магомед Адие шәкірттері Даниядан жеңісті жұлып алды.