Indian Wells WTA 1000: Елена Рыбакина қанша табыс тауып үлгерді

Indian Wells WTA 1000: Елена Рыбакина қанша табыс тауып үлгерді
Теннис

Елена Рыбакина. Сурет: Robert Prange/Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты. Қазіргі таңда ол осы турнирде шамамен 200 мың доллар табыс тапты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Жарыстың ширек финалына шыққаны үшін Елена Рыбакина 193 645 доллар (95,4 млн теңге) пайда тауып, 215 рейтингілік ұпай еншіледі. Турнирдің бұл кезеңіне шығу үшін Рыбакина 1/8 финалда Сонай Карталды, оған дейін Хейли Баптист пен Марта Костюкті жеңді. 

Айта кету керек, биыл Индиан-Уэллстегі жарыстың жалпы жүлде қоры - 9 415 725 доллар. Жеңімпаз теннисші 1000 рейтингілік ұпай еншілеп, 1 511 380 доллар табыс табады. 

Әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина жартылай финал жолдамасын дүниежүзілік рейтингіде бесінші орында тұрған америкалық Джессика Пегуламен сарапқа салады.