Эльжана Таниева әлем кубогында қола медаль жеңіп алды

Эльжана Таниева әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Басқа

Қазақстандық гимнастшы Эльжана Таниева Грекия астанасы Афинада өткен әлем кубогының кезеңінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Отандасымыз ұршықпен қорындаған жаттығуы үшін төрешілер тарапынан 31.550 ұпай алып, үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар, Эльжана Таниева таспа финалында өнер көрсетіп, жүлделі орынға бір қадам жетпей, төрітнші орынға тұрақтады. Айта кетейік, өткен аптада Испанияда өткен әлем кубогы кезеңінде қазақстандық гимнастшы ұршықпен жаттығудың шешуші сынында жетінші орыннан ғана көрінген. Араға апта салып Эльжана Таниева осы бәсекеде үздіктер қатарына ілініп отыр.