Әбілхан Аманқұл мен Бек Нұрмағанбет АҚШ-та кездесу өткізеді

Әбілхан Аманқұл мен Бек Нұрмағанбет АҚШ-та кездесу өткізеді
Бокс

Соңғы жылдары кәсіпқой боксқа бет бұрған отандық боксшылар Бек Нұрмағанбет (8-0, 6КО) пен Әбілхан Аманқұлдың (2-0, 2КО) рингке оралатын күні белгіленді, деп хабарлайды bassport.kz.

Екі боксшы алдағы 15 сәуірде АҚШ-тың Помона қаласында (Калифорния штаты) шаршы алаңға көтеріледі. Әзірге қарсыластарының кім болатыны анықталмады.

Айта кетейік, Нұрмағанбет пен Аманқұл екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес пен Сан-Диегода бір залда дайындалып жатыр.

Соңғы рет екеуі де шаршы алаңға былтыр 22 қазанда шыққан. Мексикадағы бокс кешінде Бек техникалық нокаутпен үшінші раундта жергілікті боксшы Лусиано Чапарро Араухоны (7-6-3, 3КО) жеңсе, Әбілхан екінші раундта тағы бір мексикалық Йеассона Пачеконы (6-1, 3КО) нокаутқа жіберген болатын.