Ұлан Рысқұл жаңа қызметке тағайындалды

Ұлан Рысқұл жаңа қызметке тағайындалды
Күрес

“Қазақстан барысы” турнирінің алғашқы жеңімпазы Ұлан Рысқұл басшылық қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Ол енді Жетісу облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарады. Бұған дейін басқармаға

Алмат Үшкемпіров басшы болған.

Ұлан Рысқұл - 1986 жылы Алматы облысы, Бақанас ауданында туған. Тұңғыш “Қазақстан барысы” атанған. Спортшы осының алдында Алматы облысы, Іле ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне директор болды.