Такси жүргізушісінің ұлы болғанда мұндай шу болмас еді - Дәулет Тұрлыханов

Такси жүргізушісінің ұлы болғанда мұндай шу болмас еді - Дәулет Тұрлыханов
Күрес

Қазақстандық белгілі балуан Дәулет Тұрлыханов ұлымен болған дау-дамай туралы ойын айтты, деп хабарлайды bassport.kz.

Динара Сәтжанның YouTube арнасына берген сұхбатында Тұрлыханов оқиғаға қатысты шу оның атына байланысты көтеріліп кеткеніне тоқталды.

Ұлым 2003 жылғы, 18 жастан асып кеткен.  Түнгі 12-лерде құрбысымен түнгі клубқа барған, сол кезде жанжал пайда болған. Бұл жерде бір ескеретін жайт бар. Ол - Тұрлыхановтың ұлы. Осыған байланысты мұндай дүрбелең шықты. Егер ол такси немесе автобус жүргізушісінің баласы болса, ондай шу болмас еді. Әрине, оның қоғамдық жерде төбелесіп, күш көрсетіп, жұдырық жұмсағанын құптамаймын. Ол менен сол үшін "таяқ та жеді". Мен оған: "Неге ұятқа қалдырасың?" деп ақсақал ретінде айттым. Оның сөзі: "енді солай...". Енді тергеу органдары айналыссын", - дейді Дәулет Тұрлыханов.

Еске салайық, ақпан айында Алматыда белгілі заңгер соққыға жығылған болатын. Оқиға туралы жәбірленуші Олег Черновтың әйелі, заңгер Анна Чернова айтты. Ол да сол жерде болған және жарақат алған. Алматы ПД бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады. Қылмыстық іс бойынша алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалған болатын.