Беларусь намысын қорғайтын қазақ қызы Әлімбекова тағы да топ жарды

Қысқы спорт
Беларусь атынан Олимпиада чемпионы атанған Динара Әлімбекова-Смольская биатлоннан Достастық кубогінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz.
Жарыстың соңғы, алтыншы кезеңі Түменде өткен. Әйелдер арасындағы масс-стартта Динара жүлдеге ілікпей, мәреге алтыншы болып келді.
Десе де, бұл оның жалпы есепте топ жаруына кедергі болған жоқ. Алты кезең қорытындысы бойынша Әлімбекова-Смольская 1 750 ұпай жинады.
Екінші және үшінші орынды ресейліктер Виктория Сливко мен Ирина Казакевич иеленген.
Әлімбекова-Смольская 27 жаста. Ол 2018 жылғы Олимпиадада эстафетадан чемпион атанды.