Эльжана Таниева бастаған гимнастшылар халықаралық додаларда ел намысын қорғайды

Эльжана Таниева бастаған гимнастшылар халықаралық додаларда ел намысын қорғайды
Басқа

Қазақстандық көркем гимнастшылар халықаралық додаларда ел намысын қорғайды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

10-12 наурыз аралығында Испанияның Марбелья қаласында көркем гимнастикадан Гран-При жарысы өтеді. Бұл бәсекеде ел намысын ұлттық құрама үздігі Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы қорғайды.

Сонымен қатар, Грекияның Афина қаласында көркем гимнастикадан халықаралық турнир жалауын желбіретіп, онда спортшыларымыз топтық және жекелей сындарда бәсекеге түседі. Турнирдегі Қазақстан құрамасының мүшелері: Сабина Бакатова, Эрика Жайлауова, Милана Парфилова, Дильназ Байленова.