Футзал: Қазақстан іріктеудің элиталық кезеңіне жолдама алды

Футзал: Қазақстан іріктеудің элиталық кезеңіне жолдама алды
Басқа

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінің соңғы ойынында Словениямен тең түсті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Мариборда өткен матчта екі құрама 3:3 есебімен тең тарқасты. Кака шәкірттері сапынан Альберт Ақбалықов (6’), Дәурен Тұрсағұлов (15’) пен Тайнан (20’) нәтижелі соққыларымен көзге түссе, словениялықтар қатарынан Жига Чех (9’), Игор Осредкар (24’) мен Тео Турк (26’) гол атворлары атанды.

Тең есепке қарамастан, Қазақстан ұлттық құрамасы 10 ұпай жинап, 5-топта бірінші орын алды және бұл команданың элиталық кезеңге шығуына мүмкіндік берді. 

Қорытынды турнирлік кесте келесідей:

Қазақстан - 10 ұпай

Словения - 7 ұпай

Черногория - 0 ұпай.