Шорт-тректен әлем чемпионаты: Қазақстан намысын кімдер қорғайды

Шорт-тректен әлем чемпионаты: Қазақстан намысын кімдер қорғайды
Қысқы спорт

Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласында өтетін шорт-тректен Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Байрақты бәсеке 10-12 наурыз аралығында өтеді. Сеулде ел намысын он бір спортшы қорғайды деп күтілуде.

Олар: Ольга Тихонова, Яна Хан, Мадина Жанбусинова, Алина Әжғалиева, Малика Ермек, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Нұртілек Қажығали, Еркебұлан Шаймуханов, Антон Хван.

Еске сала кетейік, бұған дейін Халықаралық конькимен жүгірушілер федерациясы (ISU) шорт-тректен әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысын жариялады. 500 метрге жарысудан қазақстандық Денис Никиша топ жарды. Оның еншісінде 402 ұпай бар.