Жәнібек Әлімханұлы чемпиондарды өзімен жұдырықтасуға шақырды

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондарды өзімен жұдырықтасуға шақырды
Бокс

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы чемпиондарды өзімен жұдырықтасуға шақырып, ағылшын тілінде видео жазып, жариялады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

“Чемпиондар мен бокс жұлдыздары қайдасыңдар? Келіңдер, жұдырықтасайық, мен сендерді күтемін! Менен бәрі қашады, мен орта салмақтың патшасымын. Мен “Qazaq Style-мын”. Жұдырықтасайық!”, - деді Жәнібек Әлімзанұлы. 

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.