Конференция лигасы: Бүгін «Астана» мен «Елімай» қарымта матчтарын өткізеді
Футбол
match.kz_
Бүгін Конференция лигасының іріктеу кезеңі аясында отандық екі клуб қарымта ойындарын өткізеді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Нақтырақ айтқанда, «Астана» мен «Елімай» келесі кезең жолдамасын сарапқа салады.
Эльбасандағы алғашқы матчта Рамазан Кәрімовтің 69-минуттағы голының арқасында 1:0 есебімен жеңіске жеткен «Астана» өз алаңында Албанияның 18 дүркін чемпионы «Динамо Ситиді» (бұрынғы «Динамо Тирана») қабылдайды. Кездесу «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі.
Ал Арменияда «Алашкертпен» 1:1 есебімен тең түскен Семейдің «Елімай» клубы өз жанкүйерлері алдында сынға түседі. Төрт дүркін Армения чемпионына қарсы өтетін бұл тартысты бәсекені «Qazsport» арнасы тікелей эфирде таратады.