Қазақтың балуан қыздары халықаралық сында төрт күміс еншіледі

Қазақтың балуан қыздары халықаралық сында төрт күміс еншіледі
Күрес

Болгарияның София қаласында өткен "Дон Колов" халықаралық турнирінде қазақстандық балуан қыздар бірнеше медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Атап айтар болсақ, Қазақстан құрамасының төрт өкілі финалда күресіп, төрт күміс жеңіп алды. Айнұр Әшімова (55 келі), Светлана Анкичева (50 келі), Алтын Шағаева (53 келі) және Нилуфар Раимова (57 келі) турнирдің күмісін еншілеген. 

Ал Эмма Тисина мен Гүлдана Бекеш (59 келі), Альбина Қайыргелдинова (65 келі) және Анатасия Панасович (72 келі) турнирдің қола жүлде еншілеген.