Футзал: «Қайрат» Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы алғашқы ойынын өткізеді
Футзал
«Қайрат» футзал клубы
Бүгін, 23 қарашада футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының 1/8 финалында қазақстандық «Қайрат» (Алматы) клубы алғашқы ойынын өткізеді, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл кезеңде «Қайрат» Польшаның «Пяст» клубымен шеберлік байқасады. Ойын Қазақстан уақытымен 23:00-ге белгіленген.
Алматылық клуб UEFA Чемпиондар лигасы А жолының негізгі кезеңінде Латвияның «Бейтар» клубын 5:3 есебімен жеңсе, Бельгияның «Андерлехт» клубына 3:8 есебімен жол берді.
Ал «Семей» 1/8 финалдың жолдамасын 24 қарашада Украинаның «Атлетик» (Днепр) командасымен сарапқа салады.