Grand Slam: Данияр Шамшаев алтын үшін белдеседі

Grand Slam: Данияр Шамшаев алтын үшін белдеседі
Дзюдо

Қазақстандық спортшы дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam жарысының финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

73 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған отандасымыз Данияр Шамшаев алтын медаль үшін күреседі. Жартылай финалда ол швейцариялық Нилс Стампты иппонмен ұтты.

Финалда отандасымыз өзбекстандық Муроджон Юлдошовпен алтынды сарапқа салады.