Әлем чемпионаты: Қазақстандық конькиші қыздар жүлдеден бір қадам жерде қалды
Қысқы спорт
Конькимен жүгіруден Нидерланд елінің Херенвен қаласында басталған әлем чемпионатында қазақстандық конькиші қыздар жүлдеден бір қадам жерде қалды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Әйелдер арасындағы командалық спринтте ел намысын қорғағаг Наджеда Морозова, Алина Дауранова мен Екатарина Айдова мәре сызығын 1 минут 28.32 секундта кесіп, төртінші орынға тұрақтады.
Жарыстың алтыны Канада, күмісі АҚШ, қоласы Қытай құрамасына бұйырды.