Азия балалары: Қос Илья ел қоржынына екі жүлде салды
Қысқы спорт
Ресейде өтіп жатқан “Азия балалары” ІІ қықсқы ойындарының кезекті жарыс күнінде ел қоржынына екі жүлде түсті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Шаңғымен тұғырдан секіруден қазақстандық Илья Мизерных пен Илья Шильников алтын мен күміс жүлде еншіледі.
Илья Мизерных 239,3 ұпаймен чемпион атанса, 227,3 ұпай алған Илья Шильников күміспен күптелді.
Қазір ел қоржынында 1 алтын, 2 күміс, 1 қола бар.