Күрестен ұлттық құрама Мысырдағы додада табысты өнер көрсетті

Күрестен ұлттық құрама Мысырдағы додада табысты өнер көрсетті
Күрес

Қазақстандық күрес шеберлері Мысырдан олжалы оралды. Александрия қаласында өткен күрес түрлерінен Ибраһим Мұстафа атындағы рейтингтік турнирде жалпы 13 жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Бұған дейін отандастарымыздың алғашқы жарыс күнінде 7 медаль еншілегенін жазғанбыз. 

Одан кейінгі екі сайыс күнінде ел қоржынына тағы 6 медаль түсті. 77 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Демеу Жадыраев финалда Айк Мнацаканяннан жеңіліп, күміспен күптелсе, 72 келі салмақтағы қола үшін таласта Данияр Қаленов қарсыласынан басым түсті. 

Еркін күрестен ел намысын қорғаған Рахат Қалжан мен Юсуп Батырмырзаев қоржынға қос қола медаль салды. 

Әйелдер күресінен Эльмира Сыздықова мен Марина Седнева жүлдегерлер қатарынан көрініп, қола медаль еншіледі.