Эльжана Таниева әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

Эльжана Таниева әлем кубогының күміс жүлдегері атанды
Басқа

Көркем гимнасшы аруымыз Эльжана Таниева Әлем кубогы кезеңінде алтынға бір қадам жерде тоқтады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Эстонияда өткен жарыста қазақстандық спортшы шығыршықпен өнер көрсетіп, күміс медаль иеленді. Сондай-ақ, Эльжана Таниева ұршықпен орындаған жаттығуында жүлдеден бір адым жерде қалса, таспамен көрсеткен өнерінің нәтижесінде алтыншы орынға жайғасты. Ал көпсайыста отандасымыз тоғызыншы орын алып, үздік ондықтың қатарына енді.