Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады
Жекпе-жек

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі жетінші кездесуіне дайындығын бастады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Бұл туралы спортшы әлеуметітк желідегі парақшасында хабарлады. 

"American Top Team-де" дайындығымды бастадым", - деп жазды Жалғас Жұмағұлов. 

Еске салайық, Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі соңғы жекпе-жегін желтоқсан айында Лас-Вегаста өткізіп, америкалық Чарльз Джонсонға төрешілердің шешімімен есе жіберген еді.