Қазақстандық балуандар Мысырда 7 медаль жеңіп үлгерді

Қазақстандық балуандар Мысырда 7 медаль жеңіп үлгерді
Күрес

Қазақстандық балуандар Мысырдағы беделді турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Олимпиада чемпионы Ибраһим Мұстафа атындағы биылғы екіншә рейтингтік турнирдің алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар 7 медаль жеңіп алды.

55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен балуандарымыз арасынан Аманғали Бекболатов алтын алса, Марлан Мұқашев күміс, Исхар Құрбаев қола медаль еншіледі.

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ернар Фидахметов тек финалда жеңіліп, күміспен күптелді. 63 келіде Дастан Зарлыханов пен Мұхаммедәлі Мамырбек қола үшін таласып, жүлде Дастанға бұйырды. 

67 келідегі балуанымыз Мерей Бекенов ел қоржынына екінші алтынды салса, аса ауыр салмақта өнер көрсететін Әлімхан Сыздықов қоланы қанағат қылды.