Қазақстандық балуан Египеттегі турнирде әлем чемпионын ұтып кетті

Күрес
Египеттің Александрия қаласында өтіп жатқан Ибраһим Мұстафа атындағы халықаралық сында қазақстандық балуандар топ жарды, деп жазады Bassport.kz.
Грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақтың финалында екі қазақ балуаны белдесті.
Аманғали Бекболатов пен Марлан Мұқашевтің арасындағы жекпе-жекте 6:1 есебімен Бекболатов жеңіске жетті.
Қола жүлдені тағы бір қазақ балуаны Исхар Құрбаев иеленген.
Айта кетелік, Марлан Мұқанов алғашқы айналымда әлем чемпионы Нугзари Цурцумияны 13:4 есебімен ұтып кетті. Нугзари 2019 жылғы әлем біріншілігінің финалында қазақстандық Хорлан Жақаншаны жеңген болатын.
60 келіге дейінгі салмақта Ернар Фидахметов күміс жүлдегер атанды. Ол финалда түркиялық Керем Камалға 0:9 есебімен жол берген.