Күрестен ересектер арасындағы Азия чемпионаты Астанада өтеді

Күрес
Күрес түрлерінен Азия чемпионаты Астанада өтетін болды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Бұл туралы Біріккен күрес әлемінің ресми сайты хабарлады.
Биыл Нью-Делиде өтуі тиіс күрес түрлерінен Азия біріншілігі Астанаға ауыстырылды.
Сары құрлық додасы астанамызда 7-14 сәуір аралығында өтеді.
Ал жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігін Бішкек қабылдайды.
Айта кетелік, 2021 жылғы Азия чемпионаты Алматыда өткен болатын.