Ресей шахмат федерациясы Азияға ауысуға рұқсат алды

Ресей шахмат федерациясы Азияға ауысуға рұқсат алды
Басқа

Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) Кеңесі Ресей шахмат федерациясының (РШФ) Еуропа шахмат одағынан Азия шахмат федерациясына ауысуына рұқсат берді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Бұл туралы РШФ бақылау кеңесі 2022 жылдың 14 сәуірінде айтқан болатын. Ресейдің Азия шахмат федерациясына ауысу мүмкіндігін алдымен ФИДЕ Конституциялық комиссиясы, кейіннен ФИДЕ кеңесі қарастырған еді. Олар Ресейдің ауысуына рұқсат берді, енді қорытынды шешім АШФ Құрлықтық ассамблеясында қабылданады. Шешімді 28 ақпан күні өтетін АШФ саммитіне қатысатын делегаттар қабылдайды.