"Барыс" бүгін "Сібірмен" сынға түседі

Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымы аясында астаналық "Барыс" сырт айдындағы соңғы матчын Новосібір қаласында өткізеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Осы маусымдағы сырт айдындағы матчтар сериясының соңғы ойынының алдында "Барыс" омбылық "Авангардпен" сынға түсіп, 4:3 есебімен жеңіліс тапқан. Команда құрамынан Антон Сагадеев дубль авторы атанса, Кирилл Савицкий бір голды өз есебіне жазды. 

Ал Андрей Мартемьянов шәкірттері болса, өткен ойында уфалық "Салават Юлаевпен" кездесіп, буллиттер соққысында 2:1 есебімен жеңіске жеткен. 

Матч Астана уақытымен 18:30-да басталады. Ал оның тікеелй көрсетілімін сайтымыздың "Трансляциялар" бөлімінен көре аласыздар. 

Olimpbet бұл матчта "Барыс" жеңіске жетеді дегенге 2.79, "Сібір" командасы жеңіске жетеді 1.44 дегенге коэффициент ұсынып отыр.