Бадминтоншы Дмитрий Панарин халықаралық турнирде үздіктер қатарынан көрінді
Басқа
ҰОК
Қазақстандық спортшы Дмитрий Панарин бадминтоннан Лусакада (Замбия Республикасы) өткен халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Отандасымыз аталған жарыста финалға дейін жетті. Ақтық сында Дмитрий Панарин үндістандық Манав Чоудхаримен кездесіп, қарсыласына 2:1 (21:19, 14:21, 20:22) есебімен жол берді.
Ал БАӘ өкілдері Бхарат Латиш мен Дев Вишну жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.