Игита отадан кейінгі алғашқы жаттығуын өткізді

Игита отадан кейінгі алғашқы жаттығуын өткізді
Басқа

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Қайрат" клубының қақпашысы әрі капитаны Игита Бразилиядан оралғаннан кейінгі алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Осыдан біраз уақыт бұрын Игитаға Бразилияда омыртқааралық жарығына (грыжа) ота жасалған. Игита өзінің Instagram парақшасының Stories-іне "Қайрат" клубы ойыншыларының физикалық дайындық бойынша жаттықтырушысы Тиаго Виейраның жариялаған видеосының репостын жасады. Видеодан спортшының жеке бағдарлама бойынша дайындықты жүргізіп жатқанын көруге болады.