Дәулет Тұрлыханов ұлының бұзақылығы үшін кешірім сұрады

Дәулет Тұрлыханов ұлының бұзақылығы үшін кешірім сұрады
Күрес

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов баласының бұзақылық әрекетіне байланысты жапа шеккендерден кешірім сұрады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

 Ақпанның 11-іне қараған түні Алматыда менің ұлым мен заңгерлердің арасында болған оқиғаға қатысты пікір білдіруді жөн деп таптым. Менің ұлым Нұрасыл кәмелет жасына толған азамат, егер оның кінәсі дәлелденсе, оған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті шара қолданылады. Сонымен бірге, мен ұлымның әрекеті үшін кешірім сұраймын, -деп жазды Дәулет Тұрлыханов.

Еске салсақ, Алматыда заңгер Анна Дмитриевич пен оның күйеуі Олег Чернов соққыға жығылған болатын.