Қозғалмалы нысанаға оқ атудан әлем чемпионатына ел құрамасынан кімдер қатысады
Басқа
ҰОК
Шілденің 20-сы мен 26-сы аралығында Таллин (Эстония) қаласында қозғалмалы нысана көздеуден кезекті әлем чемпионаты жалауын көтереді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Дүниежүзілік додада Қазақстан намысын 13 спортшыдан құралған ұлттық құрама қорғамақ. Олардың қатарында өткен 2023 жылғы Бакудегі әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Зухра Ирназарова мен Александра Садуакасова бар.
Еске сала кетейік, Әзербайжандағы бәсекеде отандық мергендер жекелей және командалық сайыстарда екі алтын, екі күміс медаль иеленген болатын.