Қазақстандық конькишілер Инцелльде күміс алды
Қысқы спорт
Конькимен жүгіру спортынан Германияның Инцелль қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар күміс жүлде олжалады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Әйелдер арасындағы командалық спринтте Алина Дауранова, Арина Ильяшенко, Алена Лифатова, Кристина Шумековадан құралған Қазақстан ұлттық құрамасы нидерландтық қарсыластарына ғана жол беріп, әлем біріншілігінің күміс жүлдесін еншіледі.
Жалпы, бұл жарыстан Қазақстан қоржынына 3 медаль түсті. Бұған дейін Алина Дауранова 500 және 1000 метр қашықтықтарға жүгіруде қола және күміс медальдар жеңіп алған.