АҚШ-қа жарыс күні жеткен Михаил Шайдоров Төрт құрлық чемпионатын бесінші орында аяқтады
Мәнерлеп сырғанаудан АҚШ-тың Колорадо-Спрингс қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатының ерлер арасындағы сынының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Бұл бәсекеде ел намысын үш отандасымыз қорғады. Олардың арасынан Михаил Шайдоров қана үздік, бесінші нәтижені көрсетті. Қос бағдарлама қорытындысында ол 237,14 ұпай жинады. Сонымен қатар, Михаил Шайдоровтың осы маусымда тұңғыш рет еркін бағдарламасын таза орындап шыққанын айта кетейік.
Ал тағы екі спортшымыз Диас Жиренбаев (183,42 ұпай) пен Рахат Бралин (160,20 ұпа) жарыста 16- және 19-орындарда аяқтаған.
Айта кетейік, Михаил Шайдоров АҚШ-қа қысқа бағдарлама жарысы өтетін күні жеткен. Спортшы құжаттарына байланысты туындаған мәселелердің салдарынан сайысқа кеш жетіп, таңғы жаттығуларының ешқайсысын өткізбей, бірден жарысқа шыққан. Қсықа бағдарлама қорытындысында ол 12-орынға тұрақтаған.