Алина Дауранова әлем чемпионатындағы екінші медалін жеңіп алды

Алина Дауранова әлем чемпионатындағы екінші медалін жеңіп алды
Қысқы спорт

10-12 ақпан күндері Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Қазақстандық конькиші Алина Дауранова 1000 метр қашықтыққа жүгіру сынында күміс жүлдеге ие болды. Отандасымыз аталған қашықтықты 1:17.76 секундта бағындырды.

Бұл - Алинаның әлем біріншілігінде жеңіп алған екінші жүлдесі. Бұған дейін спортшы 500 метрге жүгіруде қолаға қол жеткізген.