"Елімайға" мәскеулік "Спартактың" тәрбиеленушісі қосылды

Футбол

"Елімай" футбол клубы 21 жастағы жартылай қорғаушы Магомед-Эмин Рабадановпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Магомед-Эмин Рабаданов мәскеулік "Спартактың" тәрбиеленушісі, футболшы бұған дейін ресейлік "Красава" және "Уфа" командалары сапында өнер көрсеткен. Спортшы екі командада жалпы 55 кездесуге қатысып, 7 гол, 14 нәтижелі паспен көзге түскен. 

Сондай-ақ, жартылай қорғаушы Ресей жастар құрамасының да намысын қорғаған.