Үйінді астында қалған күрес шеберлері құтқарыла бастады
Басқа
Түркияның Кахранмарашында болған жер сілкінісінен кейін үй қирандыларының астында қалған күрес шеберлерін құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
"Кахраманмараштағы жер сілкісінен кейін үйінділер астында қалып қойған күрес шеберлерімізді құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір құтқарылған спортшылардың саны 8-ге жетті", - деп жазылған Түркия күрес федерациясының "Twitter" парақшасында.
Бұған дейін еркін күрестен Олимпиада чемпионы Таха Ақгүлдің 30-40 спортшының үйінді астында қалып қойғаны туралы жазған ақпарат жариялаған болатынбыз.
Түркияда 12 ақпанға дейін жалпы ұлттық аза тұту күні жарияланды. Қазіргі таңда 3381 адам қаза тауып, 20436 адам жарақат алған.