Жансая Әбдімәлік пен Элизабет Тұрсынбаева депуат атану үшін сайлауға түседі

Жансая Әбдімәлік пен Элизабет Тұрсынбаева депуат атану үшін сайлауға түседі
Басқа

Белгілі қазақстандық спортшылар Жансая Әбдімәлік пен Элизабет Тұрсынбаева Алматы қалалық мәслихатына депутат болуға үміткер ретінде тіркелді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Бүгін Amanat партиясының Алматы қалалық филиалы тізімді ұсынды. Жалпы, 63 адам бар. Ол тізімге мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева мен халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Жансая Әбдімәлік те енген. Шахматшы Жансая бұған дейін де қалалық мәслихаттың депутаты болған.

Ал Элизабет алғаш рет түсіп отыр. Ол 2021 жылы спорттық карьерасын аяқтаған.