"Барыс" "Динамода" кеткен есесін қайтара ала ма?

Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымы аясында бүгін “Барыс” мәскеулік “Динамомен” ойнайды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Командалардың бір-біріне қарсы өткізген матчына әлі апта да толған жоқ. Өткен жексенбіде Астанада өткен ойында мәскеулік клуб овертаймда айдын иелерін жеңіп кеткен. 

“Барыс”сырт айдындағы кездесулер сериясын Қазанда бастап, “Ақ Барстан” жеңіліп қалды - 1:2. Сөйтіп, алты матч бойы ұпай жоғалтпай келе жатқан астаналық клуб табысты сериясын үзіп алды. Қазір турнирлік кестеде “Барыс” оныншы орында тұр. 

Алексей Кудашов шәкірттері соңғы ойында челябілік “Трактормен” кездесіп, олар да 1:2 есебімен қарсыласына жол берген. Мәскеулік клуб 75 ұпай Батыс конференциясында бесінші орында тұр. 

Olimpbet бұл матчта мәскеулік “Динамо” жеңеді дегенге 1.44, “Барыс” жеңеді дегенге 2.79 коэффициент ұсынып отыр.