Қазақстандық спортшылар нысана көздеуден әлем кубогында топ жарды

Қазақстандық спортшылар нысана көздеуден әлем кубогында топ жарды
Басқа

Нысана көздеуден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем Кубогы кезеңінде алтын жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден Индонезияның Джакарта қаласындағы әлем кубогы кезеңінде Александра Ле, Елизавета Безрукова мен Анастасия Григорьева командалық жарыста ел намысын қорғап, жеңімпаз атанды. 

Бұл жарыста рейтинг ұпайлары сарапқа салынып жатқанын, осының арқасында кейін спортшылар Париждегі жазғы Олимпиада ойындарына қатыса алатынын айта кетейік.