Финалда Абибадан жеңілген Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте 15 сатыға жоғарылады
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Португалияда өткен әлемдік Гран-при жарысынан кейін әлемдік рейтингті жаңартып, аталған жарыста жеңімпаз, жүлдегер атанған қазақстандық спортшылар бірнеше саты жоғарылаған, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Абиба Әбужақынова 8-ші орыннан 6-шы сатыға көтерілсе, Ғалия Тынбаева 15 саты жоғарылап, 37-ші орынға, ал Жансай Смағұлов 13-ші орынға табан тіреген.
Қазақстандық дзюдошылардың әлемдік рейтингтегі көрсеткіштері келесідей:
Ерлер:
60 келі: Мағжан Шамшадин – 13 (2513); Елдос Сметов – 17 (2279); Бауыржан Нарбаев – 24 (1842)
66 келі: Ғұсман Қырғызбаев – 26 (1570); Есет Қуанов – 49 (852)
73 келі: Жансай Смағұлов – 13 (2750); Данияр Шамшаев – 22 (1839)
81 келі: Абылайхан Жұбаназар - 30 (1365); Дидар Хамза – 22 (1910)
90 келі: Ерсұлтан Мұзаппаров – 41 (976)
-100 келі: Шархан Нұрлыхан – 26 (1672)
+100 келі: Әділ Оразбаев – 39 (946); Ерасыл Қажыбаев – 42 (851).
Әйелдер:
48 келі: Абиба Абужақынова – 6 орын (4228 ұпай); Ғалия Тынбаева – 37 (1154)
57 келі: Севара Нышанбаева – 32 (1462)
78 келі: Аруна Женгельдина – 32 (1128)
+78 келі: Камила Берліқаш – 15 (2429); Назгүл Маратова – 30 (1101).