14 жасар Заңғар Нұрланұлы алғаш рет ITF Juniors турнирінде топ жарды

14 жасар Заңғар Нұрланұлы алғаш рет ITF Juniors турнирінде топ жарды
Теннис

Қазақстандық 14 жастағы Заңғар Нұрланұлы алғаш рет ITF Juniors турнирінде чемпион атанды. Бұл туралы "Рыбакинаның ракеткасы" Telegram арнасына сілтеме жасаған Bassport.kz хабарлайды. 

Заңғар Словакияның Трнава қаласында өткен 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасында доданың финалында жергілікті теннисші Даниэл Балашекті 6:4, 3:6, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Жас қазақстандық теннисші өткен жылды Tennis Europe рейтингісінде үздік ондықтың ішінде аяқтап, ұзақ уақыт бойы чемпиондық кестеде көш бастады.

Өткен жылдың желтоқсанынан бері Заңғар жоғары санатқа ауысып, қазір ITF Juniors турнирлерінде өнер көрсетіп келеді.