Рыбакина мен Путинцева Майами турнирінің ширек финалына шықты

Рыбакина мен Путинцева Майами турнирінің ширек финалына шықты
Теннис

Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Майами WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Рыбакина америкалық Мэдисон Кизбен кездесіп,  6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Ал Юлия Путинцева украиналық Анлегина Калинскаямен өткен матчта жанкештілік танытып, 6:4, 7:6 есебімен басым болды. 

Елена Рыбакина ширек финалда грекиялық Мария Саккаримен жолығады.

Путинцеваның қарсыласы енді анықталуда.