Жансай Смағұлов алтынға қол созым жерде қалды

Жансай Смағұлов алтынға қол созым жерде қалды
Дзюдо

Дзюдодан Португалияда өтіп жатқан Гран-При кезеңінің екініш жарыс күнінде қазақстандық спортшы Жансай Смағұлов финалда өнер көрсетіп, алтынға бір қадам жерде тоқтады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

73 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақстандық татами шебері ақтық сында өзбекстандық Обидхон Номоновпен белдескен. Отандасымыз иппонға түсіп, қарсыласынан таза жеңіліс тапты.

Бүгін жарыс жолына өзге спортшыларымыздың бәрі іріктеу кезеңінде сүрінді. 

Қазір Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 күміс бар. Ұлттық құрама жалпы командалық есепте екінші орында тұр.