"Ресейліктердің бейтарап туы да қанға боялған". Зеленский Халықаралық Олимпиада комитетін сынға алды
Басқа
Украина президенті Владимир Зеленский Томас Бахтың жасаған мәлімдемесінен кейін, Халықаралық Олимпиада комитетін сынға алды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
"Соғыс жүріп жатқанда, бейтарптық туралы әңгіме бола алмайды. Ресейлік спортшылардың бейтарап туының өзі қанға боялған.
Халықаралық Олимпиада комитеті президентінің мәлімдемесі көңілге қаяу түсіреді. Томас Бахпен бірнеше рет сөйлестім, алайда ресейлік спортшыларды халықаралық жарыстарға қайтару арқылы спортты соғыс насихатынан қалай сақтағысы келетіні туралы бірде-бір сөз естіген жоқпын", - деп жазды Владимир Зеленский "Instаgram" парақшасында.