Томас Бах ресейлік және белорусиялық спортшылардың халықаралық жарыстарға оралуын қолдады

Томас Бах ресейлік және белорусиялық спортшылардың халықаралық жарыстарға оралуын қолдады
Басқа

Халықаралық Олимпиада комитеті Томас Бах ресейлік және белорусиялық спортшылардың үлкен спортқа қайта оралуын қолдады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Томас Бах шана спортынан Германияның Оберхоф қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты барысында Ресей және Беларусь елдері спортшылары халықаралық жарыстарға қайта оралса,  Украинаның Олимпиада ойындарына бойкот жариялауы мүмкін екендігі туралы да ойымен бөлісті. 

"Спортшыларды олардың азаматтығына қарай спорттан шеттету Олимпиадалық хартияның құндылықтары мен мәндетіне сай келмейді. Ресейлік және белорусиялық спортшылар 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарында бейтарап ту астында өнер көрсетулері мүмкін. 

Украинаның спорт министрі Вадим Гутцайттың Олимпиада ойындарына бойкот жариялаймыз деп қоқан-лоқы көрсетуі де бізге тән емес. Украина тек Ресей мемлекетін емес, оның азаматтарын шеттеткісі келетінін жақсы білеміз. Даулы жағдайдағы екі елдің спортшылары саясатс алдарынан дискриминацияға ұшырамауы керек", - деді Томас Бах деп жазады "Spiegel".