Халықаралық дзюдо федерациясы ресейлік спортшылардың жарыстарға қайта оралуын қолдады

Халықаралық дзюдо федерациясы ресейлік спортшылардың жарыстарға қайта оралуын қолдады
Дзюдо

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) президенті ресейлік және белорусиялық спортшылардың әлемдік деңгейдегі жарыстарға қайта оралуын қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

IJF президенті Мариус Визер мәлімдемесінде ұйымның әділ ойын мен спортшылардың дискриминацияға ұшырамауын қолдайтыны туралы жазылған. 

"Ресейлік және белорусиялық спортшылар Украина мен Ресей арасындағы саяси жағдай ушыққаннан бері бірде-бір соғыс әрекетіне қатысқан жоқ. Олар оны үгіттемей, жаттығуын жалғастырып, халықаралық жарыстарға қайта оралатын күнді күтуді таңдады. Спорт - бірлік, достық пен ынтымақтың белгісі. Спортшылардың жарыстарға қайта оралуы екі жақты бейбітшілікке шақыратын көпрі бола алады. Сондықтан спортпен айналысу арқылы әлемдегі бейбітішлік пен тыныштықты қолдайтын жандарды шеттету дұрыс емес шара деп ойлаймын", - деді жазылған Мариус Визер ресми мәлімдемесінде.