“Ұпайлар тең”. Бүгін “Барыс” челябілік “Тракторды” қабылдайды
Хоккей
Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымы аясыгда бүгін “Барыс” өз айдынында челябілік “Тракторды” қабылдайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Командалар соңғы рет өткен аптада кездесіп, ол ойында жеңіс астаналық клубтың еншісінде қалған - 3:2 ОТ.
Екі ұжым да плей-офф аймағы үшін таласып жатыр, ұпай сандары да бірдей - 54.
Өткен ойында “Барыс” “Северстальдан” буллиттер соққысында жеңіліп қалса - 0:1, “Трактор” омскілік “Авангардты” 4:2 есебімен жеңген.
Olimpbet бұл матчта “Барыс” жеңеді дегенге “1.83”, “Трактор” жеңеді дегенге “1.96” коэффициент ұсынып отыр.
Матч Астана уақытымен 19:30-да басталады, BasSport.kz ойынның тікелей көрсетілімін ұсынады.